KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,24 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 448, 62 теңге.
Ұлттық банктің 13 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 447, 32 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,43 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 446,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 450 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 447 теңге, сатып алу құны– 451 теңге.
Ресей рублі 5, 32 - 5, 42 теңге аралығында саудаланып жатыр.
15:50, 13 Маусым 2023
Қор нарығында доллар екінші күн қатарынан қымбаттап жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.