KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0, 56 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 468, 90 теңге. Ұлттық банктің 30 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 468, 43 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 468 теңге, сатып алу – 471,5 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 467,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 471 теңге. Ресей рублі 7,39 - 7, 43 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Еске салсақ, таңертеңгі сауда-саттықта Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 466-471 теңгеден саудаланды.