KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,77 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 458, 22 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны - 6,03 теңге. Ұлттық банктің 14 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 456, 66 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 457 теңге, сатып алу – 463 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 459 теңгеден болса, сатып алу құны – 462,5 теңге. Ресей рублі 6 - 6, 15 теңге аралығында саудаланып жатыр.