Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,24 теңгеге төмендеп, 1 доллар 445,06 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 25 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 445,24 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 444 теңге, сатып алу – 446,5 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 441,7 теңгеден болса, сатып алу – 445,7 теңге.
Алматыда Ресей рублі 4,85 – 5,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,86 – 4,96 теңгеден сатылымда.