Қор нарығында доллар шамалы арзандады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,13 теңгеге төмендеп, 1 доллар 446,14 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 17 шілдедегі ресми бағамы – 1 доллар үшін 446,48 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 445,5 теңге, сатып алу – 447,5 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 446 теңгеден болса, сатып алу – 450 теңге.

Алматыда Ресей рублі 4,89 – 5,07 теңге аралығында саудаланып жатыр. Ал, Астанада көрші ел валютасы 4,83 – 4,93 теңге.