KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,91 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 447, 68 теңге.
Ұлттық банктің 20 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 444, 23 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,96 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 446,5 теңге, сатып алу – 450 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 447,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 450,5 теңге. Ресей рублі 6,01 - 6, 06 теңге аралығында саудаланып жатыр.