Қор нарығында доллар тағы 7 теңгеге қымбаттады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 6,98 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 472, 20 теңге.

Ұлттық банктің 26 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 465, 05 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункіттерінде доллардың сату бағамы – 475 теңге, сатып алу – 479 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 472 теңгеден болса, сатып алу құны – 476 теңге.

Ресей рублі 7,35 - 7, 55 теңге аралығында саудаланып жатыр.