Қор нарығында доллар тағы аздап қымбаттады
16:17, 05 Мамыр 2023
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,04 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 445, 28 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,62 теңге.
Ұлттық банктің 5 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 445, 29 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункіттерінде доллардың сату бағамы – 444, теңге, сатып алу – 447,5 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 443 теңгеден болса, сатып алу құны – 446 теңге.
Ресей рублі 5,65 – 5,85 теңге аралығында саудаланып жатыр.