АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 466- 472 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Kurs.kz дерегі бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 467 – 472,5 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 466 – 472 теңге аралығында құбылып тұр.
23 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа құны 3,78 теңгеге төмендеп, 470,17 теңгені құрады.
Ұлттық банктің 24 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 470, 44 теңге.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,37 – 7,57 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.