Қор нарығында теңге бағамы нығайды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,79 теңгеге төмендеп, 1 доллар 461,10 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 26 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 461, 97 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 463,5 теңге, сатып алу – 468 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 463 теңгеден болса, сатып алу – 466.
Ресей рублі 6,35 – 6,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.
ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 26 желтоқсан күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 6,81 теңге болды.