KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 4,82 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 445, 98 теңге.
Ұлттық банктің 10 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 441, 12 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны - 5,82 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 450 теңге, сатып алу – 455 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 450 теңгеден болса, сатып алу құны – 454 теңге.
Ресей рублі 5,75 - 5, 95 теңге аралығында саудаланып жатыр.