Қор рыноктары нық сеніммен өсіп келеді
18:46, 13 Қыркүйек 2010
АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат - Дүйсенбі ресейлік қор рыноктары үшін сауданы бастауға өте ыңғайлы болды. Өткен аптада АҚШ биржалары өсіммен жабылды, деп жазады Oil.Эксперт.
Бүгін еуропалық және азиялық индекстер ақырындап өсе бастады. Өткен жұмада мұнай фьючерстері айтарлықтай жоғарылады. РТС индексі 1,33%-ға, 1510-ға дейін өсті, МБВБ индексі 1,04%, 1448,75-ке дейін өсті.
Жағымды жаңалықтардан Қытайдың статистикалық мәліметтері туралы айта кетуге болады, олар рынокты біраз уақыт ұстайды. Тамызда өнеркәсіп өндірісі 13,9 пайызға көтерілді.