Қораз төбелестіргіштер жазаға тартылатын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорк штатының билігі қораз төбелісін ұйымдастырушыларды ұстау бойынша операция барысында 3000 мың қоразды босатты. АҚШ-та құстардың төбелестерге заңмен тыйым салынған.

Жалпы полицейлер заңсыз қораз төбелесін ұйымдастырушы 70-тен астам адамды тұтқындады. Бұл операция Нью-Йорк штаты тарихында ең ауқымды іс-шаралардың бірі болды. Полиция зоодүкеннің жертөлесіне басып кіргенде ол жерде құстардың шайқасы жүріп жатқан көрінеді. Белгілі болғандай, кейбір әтештердің аяғына темір тепкілер байланған екен. Зоодүкенде осындай төбелестер айына екі рет өткізіліп келген, ал осы қанды сайысқа қатысқан қораздарға ерекше «допинг» егіліп отырған.