Қордай ауданы әкімдігі 479 млн теңгені негізсіз жұмсамақ болған

ТАРАЗ. KAZINFORM – Жамбыл облысының прокурорлары 479 млн теңгеге заңсыз мемлекеттік сатып алудың жолын кесті.

Фото: Жамбыл облысының прокуратурасы

Қордай ауданының бақылаушы органы жергілікті әкімдіктің «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заң талаптарын сақтауына талдау жүргізілген.

«Тексеріс барысында құны 479 млн теңгеге облыстық маңызы бар автожолдың орташа жөндеу жұмысы бойынша мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысын дұрыс анықтамау фактісі әшкере болды.

Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде аталған конкурс бұзылды», — деп жазды прокуратурадан.

Нәтижесінде бюджет қаражаты негізсіз жұмсалмайтын болды.