АСТАНА. KAZINFORM - Жамбыл облысы Қордай ауданында орналасқан «Қордай» Ветеринариялық бақылау пунктінде Қырғыз Республикасына балық өнімдерін заңсыз өткізу әрекеті анықталды, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.
Пункттің ветеринариялық-санитариялық инспекторы жүргізген тексеру барысында екі автомобиль тасымалданатын өнімге тиісті ветеринариялық ілеспе құжаттарсыз 8 тонна балық өнімін тасымалдағаны анықталды.
Автокөлік жүргізушілеріне айыппұл салынып, жүк қайтарылды.
Жүргізушілерге ветеринариялық бақылаудағы жануарлардан алынатын өнімдерді тасымалдауға қатысты ветеринариялық заңнаманың талаптары, сондай-ақ мемлекеттік шекарадан өту үшін барлық қажетті құжаттарды алудың маңыздылығы түсіндірілді.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.