Қордай оқиғасы: 25 адам ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қордай оқиғасына байланысты 25 алдам ұсталды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні 25 адам ұсталды. Оларға қылмыстық іс қозғалды. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет башысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен ведомствоаралық жедел тергеу тобы құрылды. Топ қатарында Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдері бар. Олар қазіргі уақытта жұмыс істеп жатыр. Тергеу жүргізілуде», - деді Жамбыл облысының әкімі.