Қордайда бокстан дәстүрлі турнир өтті - Жамбыл облысы

None
ТАРАЗ. 4 мамыр. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысының Қордай ауылында ХХII жазғы Олимпиадалық ойындардың күміс жүлдегері, Әлем кубогының екі дүркін чемпионы,

КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Серік Қонақбаевқа және КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Цхайға арналған бокстан VI дәстүрлі турнир өтті. Бұл туралы облыстық туризм және спорт басқармасынан хабарлады.

Халықаралық жарысқа айналып үлгерген турнирге биыл 18 салмақ санаты бойынша 300 боксшы қатысты. Қазақстан, Ресей, Армения және Қырғызстан спортшылары 15 командаға бірікті.

Серік Қонақбаев кәсіпқой бокстан әлемнің жеті дүркін чемпионы, халықаралық спорт шебері Оразбек Назаров және Қырғызстан Жогорку Кенешінің депутаты, спорт шебері Еркін Бөлекбаев сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Алтын медаль саны бойынша Алматы боксшылары көш бастады - олар бес бас жүлдені қанжығалады. Ақтаулық спортшылар мен Жамбыл облысының өкілдері өз командаларының қоржындарынан үш-үш алтыннан салды.