Облыстық полиция хабарлауынша, «Тойота Камри» маркалы автокөлігінің жүргізушісі Тараздың шығыс бағытымен Алматыға бара жатып, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автотрассасының 171- шақырымында жылқыны қағып кеткен.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Және көлікте болған тағы 2 жолаушысы Қордай ауылының орталық аудандық ауруханасына түрлі дене жарақатымен жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр»,-делінген ведомство хабарламасында.