Әкімдіктің еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Баян Қарамолдаеваның айтуынша, Жол картасы аясында халықты жұмыспен қамтамасыз етуге 40,6 миллион теңге бөлінген, ол соманың 20,6 миллионы - республикалық бюджеттен қарастырылып отыр.
«Мамыр айынан бері біз Жол картасын жүзеге асырумен айналысып жатырмыз және сол уақыттан бастап мәліметтер базасы жаңартылды. Жұмысқа жағдай жасалып отыр - орналасқан жайымыз компьютерлермен жабдықталған, Интернетке қосылу терминалы да бар.
Инвестициялық жобалар бойынша біз 314 жұмыс орнын, әлеуметтік жұмыс орындары бойынша 77 жұмыс орнын ашуды жоспарлаған болатынбыз, ал жастар тәжірибесі бойынша жоспарлы 41 адамның орнына 46 маманды жұмысқа орналастырдық. Бүгінде жоспарды біз 100 пайызға орындап отырмыз», - дейді Б.Қарамолдаева.