АСТАНА. ҚазАқпарат - Кореяда таеквондодан G2 санатындағы «Korea open 2018» халықаралық турнирінде ел намысын қорғайтын спортшыларымыздың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР ҰОК-нің таратқан мәліметтеріне сүйенсек, аталған дода Чеджудо - Чеджу аралында шілденің 18-24 аралығында өтпек. Онда ел намысын он (5 қыз, 5 ер) таеквондошы қорғамақ. Ерлер арасында Елдос Ысқақ (58 келі), Қазбек Бақтиярұлы (63 келі), Ерасыл Қайырбек (68 келі), Нұрлан Мырзабаев (80 келі) және Руслан Жапаров ( 80 келі) сынға түссе, қыздар арасында Айнұр Есбергенова (49 келі), Фариза Алдонғарова (53 келі), Маржан Төлепбергенова (57 келі), Ақсәуле Ерқасымова (68 келі) және Дениз Джансель ( 67 келі) ел намысын қорғайтын болады.
Таеквондоның отанында бұл турнир жоғары дәрежеде өткізіледі.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.