«Форсаж 7» фильмі бірден екі номинация бойынша марапатталды, атап айтқанда: «сүйікті фильм» және «сүйікті экшен».
«Сүйікті комедиялық актриса» номинациясында Мелисса МакКарти жеңіске жетті, «сүйікті драмалық актриса» ретінде жанкүйерлер Дакоту Джонсонды таңдады, Крис Хемсворт «Экшен жанрындағы сүйікті актриса» атағын иеленді.
«People`s Choice» наградасы кино, музыка және телевидение саласына арналған. Сыйлық 1975 жылдан бастап, жыл сайын беріледі.
13:13, 07 Қаңтар 2016
Көрермен таңдауы бойынша Голливудтың «сүйікті актерлері» анықталды
АСТАНА.ҚазАқпарат - «Форсаж 7» фильмі және актерлер Джонни Депп пен Сандра Буллок «Халық таңдауы» (People`s Choice 2016) наградасын иеленді, АҚШ-тың халықтық сыйлығын тапсыру рәсімін CBS телеарнасы көрсетті, деп хабарлады РИА Новости.Сыйлық лауреаттары жанкүйер арасында интернетте дауыс беру нәтижесі арқылы анықталды.