Корей труппасы Астанада өнер көрсетті

АСТАНА. KAZINFORM — Кореяның ұлттық заманауи би ұжымы алғаш рет «Астана Операда» «Джунгли» хореографиялық туындысын сахналады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Тұмса табиғат тіршілігі арқылы адам өмірін фило­со­фиялық тұрғыда көрсететін бірегей қойылым көпшілік көрерменге ерекше әсер сыйлады. «Джунгли» хореографиялық туындысы ұлттық заманауи би компаниясының көркемдік жетекшісі Ким Сонён жасаған атипті қозғалыстарды зерттеуге негізделген. 

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Өз ісінің мамандарынан құралған шығармашылық ұжымның 17 әртісі жоғары деңгейде өнер көрсетті. Корея ұлттық заманауи би компаниясының өнер мен табиғаттың үйлесімін туған бірегей қойылымы астаналық көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. 

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі