Корея биыл Қазақстаннан 13 мың саяхатшы келеді деп үміттенуде

None
АСТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы корей мәдени орталығында қазақстандықтар үшін Кореяның туристік мүмкіншілігі таныстырылды.

Кездесу Корея Республикасының Ұлттық туристік ұйымының қолдауымен өткізілді. Ұйымның Дубайдағы өкілдігінің басшысы Ли Джин Хёктің атап өтуінше, өткен жылы Кореяға 11 мың қазақстандық сапарлаған. Ал ағымдағы жылы корейлік билік Қазақстаннан келетін саяхатшылар саны 13 мың адамнан асып жығылатындығына үміт артуда. Айта кетерлігі, Шығыс Гавайы аталатын Чеджудоға корейліктердің өздері де көп саяхаттайды. 2007 жылы ЮНЕСКО оны Бүкіләлемдік мұра тізіміне қосқан болатын. Кореяда бүкіләлемдік құндылық саналатын 7 ескерткіш бар.

«Жылдан жылға Қазақстан мен Корея арасындағы туризм саласы барынша ұлғайып келеді. Көптеген корейлер, оның ішінде менің достарым да Қазақстанға келгілері келеді. Менің білуімше, көптеген қазақстандықтарды да Корея қызықтырады», - деді Қазақстандағы Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Пэк Чу Хён.