Корея ғалымдары қатты ыстық пен суыққа төтеп беретін «суперметалл» жасады

Фото: Фото: gazeta.ru

АСТАНА. KAZINFORM – Оңтүстік Кореядағы Поханг ғылым және технология университетінің ғалымдары материалтану саласында үлкен жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Gazeta.ru. 

Атап айтқанда, олар 196 градус Цельсийден 600 градус Цельсийге дейінгі температурада өз қасиеттерін сақтайтын қорытпа ойлап тапты. 

Жаңа жоғары энтропиялық никель негізіндегі қорытпа «гиперадаптер» деп аталды. Оның басты ерекшелігі – температураның кез келген өзгерісінде механикалық қасиеттерінің тұрақтылығы. Бұл бұрын металл материалдар үшін мүмкін емес деп саналды.

Бұл қасиеттердің құпиясы – қорытпаның бойына біркелкі таралған L1₂ нано өлшемді бөлшектер. Аталмыш микроскопиялық элементтер арматура ретінде әрекет етеді және деформацияны болдырмайды. Сонымен қатар материалдың ішкі құрылымы сыртқы жағдайларға қарамастан жүктемелерге бейімделе алады.

Бұл инновацияны температураның айтарлықтай ауытқуы орын алатын аймақтарда қолдануға болады. Әңгіме ғарыштық зымырандар, реактивті қозғалтқыштар, автомобильдің газ шығару жүйелері, қуат турбиналары және өнеркәсіптік құбырлар туралы болып жатыр.

Еске сала кетейік, Оңтүстік Корея Қазақстанмен бірлескен зерттеу институтын құруға 16 млн доллар бөлетіні жайлы жазған едік.