Корея Халық Демократиялық Республикасы өзінің ядролық бағдарламасы бойынша келіссөзді жандандырмақ

БЕЙЖІҢ.  Қыркүйектің 23-і.   ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ -   Корея  Халық  Демократиялық Республикасы     өзінің ядролық  бағдарламасын   біржақты,   сондай-ақ  көпжақты талқылауға   әзір.

 Бұл туралы сейсенбі күні  Бейжіңде  өткен баспасөз мәслихатында  Қытай  Халық Республикасының сыртқы  істер  министрлігінің  ресми өкілі  Цзян  Юй  ханым мәлім етті.

 Қытай   Төрағасының    арнайы елшісі     Дай Бинго   Пхеньянға   сапары  барысында Солтүстік Корея басшысы  Ким Чен Ирге  Ху Цзиньтаоның     жеке  сәлемін  жеткізді. «Келіссөздер барысында   қос тарап, Қытай мен  Солтүстік Кореяның арасындағы  достық қарым-қатынастың  үздіксіз дамуына  қолдау  көрсету мақсатында  түрлі салалардағы  екіжақты ынтымақтастықты   әрі  қарай нығайта  түсуге келісті»,  деп  атап көрсетті Цзян Юй өз сөзінде.

 Сондай-ақ тараптар ядролық  проблема бойынша да пікір алмасты.  «Солтүстік Корея,   түбекті денуклеаризациялау  мақсатын  алдағы уақытта  да ұстанатынын мәлім етті. Корей  түбегінің ядролық   проблемасын   реттеу   жөніндегі алтыжақты  келіссөз - ақылға қонымды  және  сенімді  жол.    Қытай        барлық мүдделі  тараптармен қосылып,  корей  түбегінің   ядролық проблемасы   жөніндегі  диалогты     жандандыруға бар күш-жігерін  салуға    дайын»,  дейді  ресми өкіл.