11:31, 14 Сәуір 2009
Корея Халық Демократиялық Республикасы өзінің ядролық бағдарламасын тоқтатпайды
ПХЕНЬЯН. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат - Солтүстік Корея өзінің ядролық бағдарламасы бойынша халықаралық келіссөзді «мәнсіз» деп санап, уранды байыту жөніндегі зауыттың құрылысын қайта жандандырып отыр.
Елдің Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасаған солтүстіккорейлік мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары осындай мәлімет таратып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Жақында солтүстіккорейлік зымыранның ұшырылуын айыптаған және Пхеньянға қатысты санкцияларды қатайтуға шақырған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарына жауап ретінде осындай шешім қабылданып отыр.