«Президент Нұрсұлтан Назарбаев осыдан 20 жыл бұрын алғаш рет Сеулге сапар жасағалы бері Қазақстан мен Кореяның арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келеді», - деді Ли Бён-хва мырза өз сөзінде.
Ол сондай-ақ, Кореяның Қазақстанмен мәдени және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше күш-жігер салып отырғанын атап көрсетті. Дипломаттың айтуынша, биыл Астанада ашылған Корей мәдени орталығының арқасында екі елдің арасындағы мәдени алмасу артып отыр.