Корея Қазақстанның АТӨ елдерімен жақындасу ұмтылысын қолдайды - Елші Ли Бен Хва

АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасындағы Кореяның бұрынғы Елшісі

Ли Бен Хва ҚР Президентінің «Қазақстан-2020» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауына қатысты өзінің пікірін жеткізе отырып, Қазақстанға одан әрі гүлдену тілегін білдірді.

 «Қазақстандық сыртқы саясаттың теңгерімділігін күшейтуге мүмкіндік беретіндей, озық қарқындармен Азия-Тынық мұхиты өңірінің елдерімен экономикалық тұрғыдан жақындасу», - тезисін  Корея тарапы толығымен қолдайды. Сөзсіз, корейлік тарап Қазақстанмен экономикалық қарым-қатынастарды дамыту үшін бұдан әрі де күш-жігерін жұмсайтын болады, делінген үнқатуда.

«Мен сондай-ақ билікті орталықсыздандыру идеясы мен жемқорлықпен күрес Қазақстанды одан әрі жаңғыртуда басты рөл ойнауы тиістігімен толығымен келісемін», - деп атап өтті Ли Бен Хва.