Корея Республикасы Қазақстанмен мемлекеттік қызмет саласында тәжірибе алмасуға әзір
Басқарушы комитеттің баспасөз қызметі хабарлағандай, Ә. Бәйменов министрді Өңірлік хаб қызметімен және Қазақстанның бес институционалдық реформаларын іске асыру бойынша «Ұлт жоспары - 100 нақты қадамның» кәсіби мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру бойынша негізгі қырларымен таныстырды.
Министр Ли Гун Мён мемлекеттік қызмет саласындағы білім мен тәжірибе алмасуға арналған халықаралық платформа ретінде Өңірлік хаб қызметіне жоғары баға беріп, осы салада ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделілік танытты.
Сапар аясында Әлихан Бәйменов Корея Республикасы Адам ресурстарын дамыту ұлттық институтының президенті Ок Донк Сукпен кездесті. Кездесу барысында тараптар оңтүстіккорейлік тәжірибе негізінде Хабқа қатысушы елдер мемлекеттік қызметшілерінің әлеуетін арттыру бойынша бірлескен семинарлар ұйымдастыру, бірлескен тақырыптық зерттеулер жүргізу, тараптардың экспорттық желілерін кеңейту сияқты Өңірлік хаб аясындағы ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын талқылады.