Корея Республикасының Елшісі Өскеменге танысу сапарын жасайды
09:05, 03 Шілде 2009
ӨСКЕМЕН. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Өскеменге Корея Республикасының Қазақстандағы Елшісі Ли Бён Хва сапармен келеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс әкімдігінде Шығыс Қазақстан облысының басшылығымен кездесу өтіп, онда өңірдің Корея Республикасымен екіжақты ынтымақтастығын әрі қарай нығайта түсу мәселелерін талқылау жоспарлануда. Одан кейін қонақтар аймақпен танысады.
Статистикаға сүйенсек, аймақтың Корея Республикасымен тауар айналымы өткен жылы 28 635,7 мың АҚШ долларын құраған, бұл -облыстың былтырғы жалпы сыртқы сауда айналымының 0,9 пайызы.