«Уран бойынша бірнеше шарттар болды. Оңтүстік Корея тұтынатын уранның 30 пайызға жуығы Қазақстаннан жеткізіледі»,-деді Елші.
Айта кетейік, екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 2016 жылы 676 млн. АҚШ долларына жетіп, оның ішінде экспорт - 223 млн. доллар, ал импорт 453 млн. долларды құрады. 2015 жылмен салыстырғанда бұо көрсеткіш екі еседен астамға қысқарды. Оңтүстік Кореяға қазақстандық экспорттың негізгі құрамын уран, ферроқорытпа, қоспасыз болат прокаты, алтын, мыс алып отыр.
Ал Қазақстанға бұл елден электроника, машина құрылысының жабдықтары, көлік құралдарының шанағы және басқа да өнімдер тасымалданады.
Еске сала кетейік, Қазақстан 2009 жылы уран өндірісі бойынша әлемде бірінші орынға шықты және бағаның тұрақсыздығына қарамастан, бұл орнын қазіргі уақытқа дейін сақтап келеді. Қазақстан әлемдік уран өндірісінің 40 пайызын шығаруда.