Кореяда өтетін жазғы Универсиадада ел намысын қорғайтын спортшыларымыз белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында 3-14 шілде аралығында жазғы Универсиада өтеді. Оған қатысатын спортшыларымыздың тізімі бекітілді, деп хабарлайды ҚР дзюдо федерациясынан.

Сонымен, дүбірлі додаға төмендегі палуандарымыз қатыспақ:

Ерлер: Қырғызбаев Ғұмар (60 келі, Алматы) Сәкенұлы Ерасыл (66 келі, Алматы) Оразалин Нұрлан (73 келі, ШҚО) Закарияев Сұңғат (81 келі, Атырау) Мисин Әділет (90 келі, Ақтөбе) Демьяненко Виктор (100 келі,Алматы) Ерғалиев Еламан ( 100 келіден жоғары с\д, Қызылорда) Темірханов Дархан (Абсолютті салмақ дәрежесі, Ақтөбе)

Әйелдер: Байқұлова Айгүл (48 келі, Ақтөбе) Әлмұхамбетова Гүлдана (52 келі, БҚО) Құбашева Назгүл (57 келі, Атырау) Әбілқадырова Әйгерім (63 келі, Астана) Қашқын Жанар (70 келі, Алматы облысы) Райфова Зарина (78 келі, Алматы) Әбдірасулова Зарина ( 78 келіден жоғары с\д, ОҚО)