АСТАНА. ҚазАқпарат - Сеул Ұлттық университеті мен Сонгюнван университетінің робот құрастырушылары қатты қаңқасыз әрі моторсыз қозғалатын DeployBot жұмсақ роботын жасап шығарды, деп хабарлайды PPhys.org .
Ғалымдардың айтуынша, роботта механикалық бөлшектердің болмауы оны кез келген ортада, мәселен су астында немесе Айдың бетінде пайдалануға мүмкіндік береді.
DeployBot екі жолмен қозғалады: құрт тәрізді иректеліп немесе төртаяқты робот сияқты аяқтарының ұшы арқылы. Әзірге робот сағатына 2 метр қашықтықпен өте баяу қимылдайды, алайда ғалымдар роботтың келесі нұсқаларында бұл кемшілікті түзетуді жоспарлап отыр.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.