Бұған дейін 170 адам құтқарылды. Дегенмен, құтқарушылар жұмысына қолайсыз ауа райы кедергі келтіріп отыр: апат болған аймақ тұманданып тұр әрі суасты ағыстары тым қатты.
Кеме бортында апат кезінде 462 адам болған. Олардың көбі Оңтүстік Кореяның батысындағы Инчхон портынан Чеджуге бет алған мектеп оқушылары.
Жоғалғандардың туған-туыстары биліктегілерді апатқа дер кезінде мән бермеді және ақпаратты жасырды деп айыптап отыр.
Құтқарылғандар экипаж қызметкерлерін кеме қисая бастаған сәтте де «орындарыңнан қозғалмаңдар» деген бұйрығынан таймағаны үшін кінәлайды. Егер әу баста эвакуациялау жайлы бұйрық бергенде аман қалғандардың саны әлдеқайда көп болар еді дейді олар. Айта кету керек, суға кеткен «Сэволь» капитаны алдыңғылардың бірі болып кемені тастап қашқан, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.