Кореядағы жағдайдың бақылаудан шығып кету қаупі бар

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Корея түбегіндегі жағдай күннен күнге шиеленісіп, егер нақты шешілмесе, бақылаудан шығып кетуі әбден мүмкін. Кеше Америка Құрама Штаттарының Президенті Барак Обамамен телефон арқылы сөйлесу кезінде Қытай Халық Республикасының төрағасы Ху Цзиньтао осыны мәлімдеді, деп хабарлайды РБК.

Қытай басшысы Қытай жағының орын алып отырған жағдайға қатты алаңдаулы екендігін жеткізді. Егер шиеленіс бұдан әрі ушығатын болса, аймақтағы болжап болмас оқиғаларға соқтыруы әбден мүмкін. Бұл осы тараптағы кез келген елдің мүдделеріне сәйкеспейтіні белгілі, деп хабарлайды Қытайдың "Синьхуа" ақпарат агенттігі.

Ху Цзиньтао, атап көрсеткендей, бүгін таңдағы басты міндет Корея түбегіндегі тыныштықты қалпына келтіріп, қалыптасқан күрделі жағдайды мүмкіндігінше тез бейбіт жолмен шешу болып табылады.