Қазақстандық екі дзюдошы 2026 жылғы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін, 16 сәуірде Қытайдың Ордос қаласында дзюдодан Азия чемпионаты басталды.

Фото: ҰОК

Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, құрлық біріншілігінің алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының екі өкілі жартылай финалға жолдама алды.

60 келіге дейінгі салмақта Шерзод Давлатов пен Аман Бақытжан финалға шығу үшін күреседі.

Давлатовтың қарсыласы – Тайбэй елінің өкілі Ян Юнвэй. Ал Бақытжан бахрейндік Руслан Полторацкиймен белдеседі.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық дзюдошылардың Азия чемпионатындағы алғашқы қарсыластары анықталғанын жазғанбыз.