Кездесу барысында тараптар алдағы уақытта инвестициялау мақсатында Қазақстанның бірнеше электр станцияларының жағдайын зерттеу мәселесін талқылады.
KEPCO Астана, Алматы, Павлодар және Топар жылу электр орталықтарына пилоттық зерттеу жүргізеді деп жоспарланып отыр.
«Зерттеу нәтижесі бойынша станцияларды одан әрі пайдалану, жаңғырту және олардың экологиялық көрсеткіштерін жақсарту перспективалары бойынша сізден сараптамалық баға күтеміз», - деді ҚР Энергетика министрі.
Сондай-ақ ол министрлік тарапынан компанияға қажетті қолдау көрсетілетінін жеткізді.