Кореялық әнші PSY тағы да Ғаламторды дүр сілкіндірді. ВИДЕО.

None
АСТАНА. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Оның «Gentleman» атты жаңа әніне бейнебаянын бір тәулік ішінде YouTube-тен 20 миллион адам қараған.

Бұл туралы «Утро.ру» хабарлайды.

Кореялық рэпер PSY өзінің «Gentleman» деп аталатын жаңа әнінің бейнебаянын таныстырды. Бұл видео YouTube -те тәулік ішінде 20 миллион көрсетілім жинаған. Өткен жылғы «Gangnam Style» әнінің авторы поп-әртіс Джастин Бибердің рекордын жаңартты. Канадалық жас әншінің «Boyfriend» әнін өткен жылдың мамырында 8 миллион көрермен қараған.

2012 жылдың қараша айында «Gangnam Style» әнін YouTube арқылы 805 миллион адам қарап, бұл бұрын-соңды қаралған роликтердің ішінде рекорд орнатқан еді.

PSY-дың шын аты - Пак Чэ Сан. Ол Сеулде 1977 жылы дәулетті кәсіпкердің отбасында дүниеге келген. Бүгінде ол әлемдегі ең танымал кореялық орындаушы болып табылады.