Кореялық компания Қазақстандағы жоғары технологиялы электронды жабдықтар құрылысына қызығушылық танытып отыр ? Кәрім Мәсімов

АСТАНА. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Кореялық компания Қазақстан аумағындағы жоғары технологиялы электронды жабдықтар құрылысына қызығушылық танытып отыр.

Бұл туралы бүгін Үкіметте өтіп жатқан селекторлық кеңесте Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Үкімет басшысы Корея тарапымен Балқаш жылу- электр стансасының құрылысына байланысты мәселелердің сөз болғанын айтып өтті. Осы орайда ол «Самұрық- Қазына» қорына аталған жоба бойынша қол қойылуы тиіс құжаттарды әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ Премьер-Министр «Самұрық -Қазына» қоры мен «ҚазМұнайГаз» компаниясына мұнай-химия зауытының құрылысы бойынша кореялық "LG chemicol" компаниясымен келіссөздер жүргізуді жүктеді. Үшінші мәселе - "Қазақтелеком" мен Ақпараттандыру және байланыс агенттігіне қатысты екендігіне тоқталған К. Мәсімов, «кореялық компания тарапынан Қазақстан аумағында жоғары технологиялық электронды жабдықтардың құрылысына қызығушылық бар. Сондықтан аталған үш жоба бақылауға алынуы тиіс», деді.