деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған тарихи маңызды жерді жергілікті тұрғындар тапқан көрінеді. Қожамжаров пен Бейсенбеков деген азаматтар Шалқар өзені жағасымен келе жатқан кезде, күйдірілген қыш кірпіштерді көреді. Осы жерге дереу археологиялық экспедиция ұйымдастырылып, зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім шығарылады. Қазіргі кезде бұл жерде қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан Еуразия ұлттық университетінің Кемал Ақышев атындағы археологиялық ғылыми зерттеу институтының директоры Марал Хабдулинаның айтуынша, зерттеу жұмыстары барысында табылған кірпіштердің сынықтары шамамен XV ғасырға жататын кесенені салу кезінде қолданылған құрылыс материалдарына жатады. Кірпіштердің дизайындық ерекшелігі тек Түркістан, Ташкент пен Самарқандта ғана кездеседі. Кірпіш бетіндегі көгілдір және жасыл түсті өрнектер анық көрінеді. «Болжам бойынша, аталған тарихи жәдігерлер XV ғасырда осы жерде билік құрған Жәнібек ханның кесенесінің құрылысына жатады», - дейді Марал Хабдулина.