Қорғалжын ауданының прокуроры ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қорғалжын ауданы прокурорының үстінен тергеу шаралары жалғасып жатыр. Бұл туралы бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы ҚР Бас прокуратурасы Ішкі тергеу департаментімен бірлесіп, Ақмола облысы Қорғалжын ауданы прокурорының жалпы қамқорлығы үшін мемлекеттік мекеменің басшысынан жалпы сомасы 5 млн теңге пара алу фактісі анықталды", - деді Жанна Бастарова агенттікте өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, тергеу шаралары жалғасып жатыр.

"Күдіктіге қатысты түпкілікті шешім оның кінәсінің дәрежесін анықтау арқылы сотпен шығарылады", - деді ресми өкіл.