Ведомствоның мәліметінше, 10 қаңтарда Қорғалжын аудандық ПБ-не аталған қорықтың инспекторы хабарласып, Асаубалық көлінде балық аулайтын ау құрылғанын айтқан.
«Айтылған көлге барған жедел-тергеу тобы ұзындығы 100 метр болатын балық аулайтын 11 ау тапты. Аудың жалпы ұзындығы 1100 метр. Ауға тұқы, алабұға, мөңке және табан түскен. Полиция хаттама толтырып, балықтардың барлығы табиғи ортаға жіберілді», - дейді ведомстводан.
ПД атап өткендей, қазіргі кезде, табиғатты қорғау полиция тарапынан ҚР ҚК 335-бабы (балық ресурстары, өзге де су жануралары мен өсімдіктерін заңсыз өндіру) бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.