Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ашық жану байқалмайды, жеке ошақтар бықсып жатыр.
Орман шаруашылығының ақпараты бойынша, алдын ала жану алаңы – 25 га құрады.
Жануды сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің және орман шаруашылығының күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Өртті сөндіру үшін «Қазавиақұтқару» тікұшағы да тартылды. Сөндіру жұмыстары басталған сәттен бастап өрт ошақтарына көлемі 60 тонна 20 рет су ағызу жүзеге асырылды.