«Ағымдағы жылы біз Тұран даңғылынан МАИ бекетіне дейінгі аралықта Қорғалжын тас жолы құрылысын жобалауды бастадық. Бұл жобада көлік жүретін бөлікті жапсарлас аумақты абаттандыра отырып, қозғалыс үшін алты жолаққа дейін кеңейту қарастырылған», деген өз сөзінде елорда әкімі.
Сондай-ақ қала басшысы бұл жобаға қажетті қаржы дер уақытында бөлінетін болса, 2011 жылдың соңына дейін аяқталатын атап өткен.