Қорғалжын тасжолының Ш.Айтматов көшесімен қиылысатын аумағында ТМ-55 және ТМ-48 жылу магистральдары арасындағы бөгет салу аясындағы жұмыстарды бастау жоспарлануда.
«Осыған байланысты 23-30 сәуір аралығында аталған учаскеде, қоса берілген схемаға сәйкес, Қорғалжын тасжолы бойымен Үркер ауданына қарай автокөлік қозғалысы шектеледі», – делінген қалалық отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының хабарламасында.
Мамандар елорда тұрғындары мен қонақтарын маршруттарын алдын ала жоспарлауға шақырады.