Қорғалжында экологиялық Weekend өтеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры «Ұлы дала мәдениетіндегі құстар символикасы» республикалық шығармашылық фестивалін ұйымдастырмақшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысыныңҚорғалжын ауылындағы тұмса табиғат аясында өтетін фестиваль барысындатренингтер, шеберлік сағаттар, акциялар, спорттық турнирлер, жарқынгала-концерт өтпек.

«Шара 23-24 тамызғажоспарланған. Фестивальға 100-ден астам жас қатысады. Оның ішінде ерекшеқажеттіліктері бар жастардың белсенді қатысуы күтілуде. Көрермен ретінде1000-нан астам қонақ қатысады», - делінген Тұрңғыш Президент-Елбасы қорыныңбаспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Фестиваль аясында«Мектепке жол» республикалық акциясыбастау алады. Қорытынды шара 24 тамыз күні, сенбіге жоспарланған.

Сағат 10:40-та алтыбайқау алаңында түрлі аталымдар бойынша шеберлік сыныптары жұмыс істейбастайды.

Сағат 11: 00-денбастап қолөнершілер жәрмеңкесі жұмысын бастап, аудан стадионында халықтықойындар бойынша жарыстар жалауын көтереді. Сағат 10:00-ден 18:00-ге дейінспорттық туризм және рафтинг турнирі ұйымдастырлады.

«Күні бойы қорықтыңаумағында экологиялық квестер ұйымдастырылып, батпырауықтар мен күйші байқауыөтеді. Сағат 19.00-де фестиваль жеңімпаздары гала-концертте марапатталып, шарақазақстандық эстрада орындаушыларының қатысуымен өтетін би кешіне ұласады», - делінген ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар