Ғани Жапишов 1986 жылғы 13 ақпанда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Түркістан қаласындағы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «журналистика» мамандығы бойынша, сондай-ақ Қарағанды қаласында «Болашақ» академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Президенттік «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, Broadcast Journalism мамандығы бойынша АҚШ-та Нью-Йорк кино академиясын (NYFA) тәмамдаған.
Журналистика саласындағы еңбек өтілі — 15 жылдан астам. «Хабар», «Qazaqstan» телеарналарында қызмет атқарған. Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметін басқарды. «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры болды.
Соңғы атқарған қызметі — Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің кеңесшісі.
Бұған дейін Абай облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып Марат Теміржанов тағайындалғанын жаздық.