«Кейбір Telegram-каналдарда Татарстан Республикасының объектілеріне шабуыл жасаған ұшқышсыз басқарылатын құрылғылардың Қазақстан аумағынан ұшырылғаны туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайды», - деп жазылған министрлік таратқан ресми мәліметте.
Ведомство мамандарының пайымдауынша, мұндай жалған мәлімет Қазақстан Республикасының беделін түсіруге бағытталған.
«Осыған байланысты азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарына таралған қауесеттерге мән бермеуін және тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз», - деп жазылған министрлік мәліметінде.