— ҚР Жоғары аудиторлық палатасы Қорғаныс министрлігінде бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне, сондай-ақ әскери бөлімдердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне мемлекеттік аудит жүргізуді бастады, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды.
Бұған дейін Президент Қорғаныс министрлігіндегі жағдайды тексеретін комиссия құрған еді.
24 қыркүйекте Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезінде 17 әскери қызметшіні ашық теңізге алып кеткен болатын. Олардың үшеуі құтқарылып, 14 әскери қызметші қаза тапты.
Қызметке салғырт қарады, корабль жүргізу қағидаларын бұзу бойынша ауыр зардаптарға әкеп соққан қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікпен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жоғары және аға командалық құрамындағы жауапты лауазымды тұлғалар ұсталған болатын.