Қорғаныс министрінің орынбасары мен Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы тағайындалды

Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM — Ақорда Қорғаныс министрінің орынбасары мен Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы тағайындалғанын хабарлады.

- Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;

Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды, - делінген құжатта.

Серік Борамбаев 1969 жылғы 16 сәуірде Павлодар қаласында дүниеге келген. 1990 жылы Киев жоғары әскери-теңіз саяси училищесін тәмамдаған.

Еңбек жолы:

  • 1990–1992 жж. – Қызыл Ту орденді Каспий флотилиясы әскери бөлімдерінде қызмет атқарды;

  • 1992–2004 жж. – жергілікті әскери басқару органдарында қызмет етті;

  • 2004–2005 жж. – ҚР ҚМ Әскери-теңіз институты бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары – тиісті бөлімнің бастығы;

  • 2005–2007 жж. – РФ Қорғаныс министрлігі әскери оқу орнында тыңдаушы;

  • 2007–2008 жж. – «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы басқармасының аға офицері;

  • 2008–2011 жж. – Әскери-теңіз институты бастығының орынбасары, штаб бастығы;

  • 2011–2013 жж. – 29011 әскери бөлімінің командирі – Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының орынбасары;

  • 2013–2014 жж. – Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы;

  • 2014–2015 жж. – ҚР ҰҚК ӘК академиясының тыңдаушысы;

  • 2015–2016 жж. – Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары – тиісті бөлімнің бастығы;

  • 2016–2019 жж. – ҚР ҚМ Ақпарат және коммуникациялар департаментінің бастығы;

  • 2019 ж. маусым – қараша – ҚР ҚК Бас штабының тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы;

  • 2019–2022 жж. – ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары – тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы;

  • 2022–2023 жж. – ҚР ҚМ тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы;

  • 2023–2024 жж. – ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары – аумақтық қорғаныс департаментінің бастығы.

Айта кетейік, бұған дейін Асылбек Ахметжанов Оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды.